Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев енді бұндай жағдай қайталанбауын тілеп, халқымыз қиындыққа душар болған түрік халқымен бірге екенін атап өтті.
– Түркия елінде болған жағдай барлығымызға ауыр тиді. Марқұм болғандардың рухы шат болып, зардап шеккендерге Алла шипа берсін. Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірге елімізде тыныштық, амандық болсын деген ниетпен осындай іс-шараны ұйымдастырдық. Құдайға деген шүкіршілігімізді білдірдік. Алла елімізге жақсылығын еселеп берсін, мұндай апаттар қайталанбасын деп тілейміз, – деді өкіл имам.
Қалалық ардагер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев мұндай қиын жағдайда көпшілікті көмек қолын созуға шақырды. Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанынан еріктілер тобы құрылған. Олар күнделікті қажетті заттар, азық-түлік, тағы басқа гуманитарлық көмек жинап жатыр. Шымкент қаласынан түрік еліне бірінші гуманитарлық көмек жөнелтіледі.