Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудың өзі сауапты іс. Алланың Елшісі (с.а.с.) дүниеге келген Мәуліт айында көп салауат айту күнәларды кешеді. Мәуліт жырын оқу – бабалардан қалған мирас. «Біз сені бүкіл әлемге мейірімділік жаршысы етіп қана жібердік» атты рухани кеште белгілі исламтанушы ғалым Арман Қуанышбаев осылай деді.

138

99 нысан қаланың меншігіне өтті

Среда, 28 Ноябрь 2018 04:54

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

130

Цифрлық кеңсе ашылды

Пятница, 26 Октябрь 2018 04:46

Төлемдер және аударымдар, хаттар және сәлемдемелерді енді 2-3 минутта жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Шымкентте ашылған «Қазпошта» АҚ-ның цифрлық кеңсесі пошта қызметтерін қарапайым азаматтарға барынша қолжетімді, цифрлық түрде алуға жағдай жасап отыр. Бұл – елімізде ашылған 7- цифрлық кеңсе.

DSC 0032

Елімізде «Қазпоштаның» қызметіне 25 жыл толып отыр. Осыған орай акционерлік қоғам бірқатар игі істерді қолға алды. Соның бірі – цифрлық кеңселер ашу. Бүгінге дейін елімізде Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанайда жаңа цифрлық технологиямен жасақталған цифрлық кеңселер жұмыс істей бастады.
Мұндай жаңа қызмет түрі Шымкентте де жұмысын бастады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кеңсенің мүмкіндігімен танысып, жобаны қолға алған азаматтарға алғыс айтты.
Мұнда пошта қызметтерінің барлық түрі цифрлық жүйеде көрсетіледі. Гибридті банкомат, поштамат, төлем терминалы, электронды қызметтер жұмыс істейді. Онда тек қана 2 кеңесші ғана азаматтарға көмек көрсетеді. Қалған қызметтердің барлығы автоматтандырылған. Барлық төлемдер, сәлем-сауқат жіберу, алу барлығы цифрлық түрде, 2-3 минуттың ішінде жасауға болады.
«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, бұл жерге келген азаматтар кезек күтіп әуреге түспейді.
– Біздің басты мақсатымыз – азаматтарға цифрлық технология бойынша қызмет көрсету. Мәселен, біздегі кез келген бөлімшеде 20 адам жұмыс істейді. Ал мұнда тек 2 кеңесші бар. Басқа қызметтердің бәрін автоматтандырылған роботтар атқарады. Екі қызметкер арнайы оқудан өткен. Оған қоса бөлімге келген азаматтар өздерінің цифрлық сауаттылығын көтереді. «Қазпоштаның» 25 жылдығын біз осылай атап өтуді жөн көрдік. Цифрлық кеңселер ашудан бөлек 9 қазан – дүниежүзілік пошта күнінде Қазақстан бойынша 2500 ағаш отырғыздық, – дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы.
Айта кетсек, алдағы уақыта «Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе бірқатар цифрлық жобаларды іске асырмақ.

Таяуда ғана үшінші мегаполистен сайланған Сенат депутаттары – Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Шымкент тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын нақтылады.

DSC 8665

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды талқылау жиынына қала мұғалімдері, ардагерлер, жалпы Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысты.
Жолдауды іске асыру талқылау жиынын қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды. Сенаторлар Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіріп берді.
– Біз өздеріңізбен ынтымақ пен бірлікте жұмыс істеп, талай шешімдер қабылдадық. Сол жұмысты әрі қарай жалғастыру міндеті тұр. Қазір жаңа қызметтер құрылуда. Әр азамат өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса, жетістіктер де артпақ. Жолдау жарияланғалы бері талқылау, қолдау іс-шаралары өтіп жатыр. Негізгі 6 басымдық белгілі. Азаматтардың жалақысын арттыру, тұтынушылар мен монополистер арасында ашықтық, бизнес саласындағы қолдау, педагогтар мәртебесін қабылдау сынды маңызды басымдықтарды бірлесе жүзеге асырайық. Жалпы, Жолдау әлеуметтік-экономикалық дамуға зор серпін береді, – деді Нұрлан Құдиярұлы.
Дархан Амангелдіұлы да ең төменгі жалақыны арттыру, әлеуметтік саланы қолдауда жүзеге асатын бағыттарды жан-жақты талқылады. Халық қалаулылары әрі қарай білім, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша халықпен жүздесіп, ұсыныстарды тыңдауға дайын екенін айтты.
– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті. Біз осында кәсіпкерлерге көп көмек көрсеттік. Сұраныс бар. Қаржы жетпей жататын. Үкіметке ұсыныс беретінбіз. Енді мегаполис мәртебесін алғаннан кейін олармен тікелей жұмыс жүргізілмек. Бізге әлі де мектептер жетіспейді. Мұғалімдер мәртебесін қабылдау үшін өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Айтар уәждеріңізді Астанаға алып кетеміз, – дейді Дархан Амангелдіұлы.
Жиында сөз алған шымкенттіктер Жолдаудағы нақты іс-шараларға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХІХ сессиясында №26 сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды. Халық қалаулылары өз әріптестерін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты ҚР Парламенті Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жаңа қызметте табыс тіледі.

DSC 6345

Халық қалаулылары өз әріптестерін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты ҚР Парламенті Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жаңа қызметте табыс тіледі.
5 қазан күнгі сайлауда Нұрлан Құдиярұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған еді. Мәслихат депутаты Еркін Сатқанбаев 20 жыл бойы қала мәслихатында қызмет атқарған әріптесінің еңбегін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
– Нұрлан Құдиярұлы үш шақырылымда бізге хатшы болды. Бірлесе маңызды шешімдер қабылдадық. Бұл тарихи кезеңдер бәріміздің жадымызда тұр. Біз ауызбірлікпен, ынтымақтаса жұмыс істедік. Енді әріптесімізге жаңа қызметте де сәттілік тілейміз, - деді мәслихат депутаты.
Өз кезегінде Нұрлан Құдияр-ұлы да өз әріптестеріне алғысын білдірді. Сессияны қорытындылаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та Н.Бекназаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
– Бұл – біздің қала үшін тарихи сәт. Сенат депутаттығына екі азаматымыз сайланды. Нұрлан Құдиярұлының еңбегі көпшіліктің жадында. Нағыз патриот азамат деп білеміз. Қаланың дамуында көптеген бірлесе шешімдер қабылдап, маңызды жұмыстар атқардық. Енді сенатор ретінде де Шымкент қаласының әл-ауқатының артып, дамуына үлес қоса береді деп сенеміз. Алдағы жауапты жұмысыңызда да абырой биігінен көрінеріңізге сенеміз, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Сондай-ақ, қала әкімі сенаторға арнайы естелік сыйлық тапсырып, Алғыс хатпен марапаттады.
Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы қызметін 13 жыл бойына атқарды. Әріптестерінің айтуынша, ол мегаполис үшін маңызды шешім қабылдау кезінде әр депутаттың пікірін ескеріп, туған қаласы үшін қажырлы еңбек етті.

Жаңа технологияның жетістігі көп

Пятница, 14 Сентябрь 2018 04:37

Шымкентте мектептерге цифрлық технологияны ендіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл білім сапасын қадағалаудағы оңтайлы әдіс. Мәселен, былтыр қалада 30 мектепте жаңа жүйе ендірілген-тін. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай: талдамалы жұмыстарға сәйкес, білім сапасы көтеріліп, қылмыс деңгейі төмендеген. Үшінші мегаполисте білім стандарттары жоғары сапаға көтерілуі тиіс. Мұны қала әкімі биылғы тамыз конференциясында нықтап айтты.

DSC 2244

30 мектепке электронды бағдарлама енгізілді

Жалпы, бүгінде мұғалімдер өз біліктіліктерін жетілдіруге мән беруі тиіс. Қазіргі заман талабы осы. Жаңа технологияларды да үйренер кезең.
Биыл алғаш рет республикалық деңгейде өткен тамыз кеңесі де «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбын арқау еткен-ді. Республикалық және халықаралық ғылыми-әдістемелік орталықтың басшылары келіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, шаһарда білім стандарттарын көтеруде барлық мүмкіндік бар. Мектептердегі білім сапасын арттыруда ақпараттандыру және автоматтандыру жүйесінің маңызы зор. Былтыр қаладағы 30 мектепке «I-мектеп» электронды ақпараттық бағдарламасы енгізілді. Яғни, жаңа электронды күнделіктің бір жылдық сараптамасы жасалды. Оған сәйкес, 30 мектепте білім сапасы 15-20 пайызға көбейген. Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші жоғарылаған. Тиісінше, сол мектептерде қылмыс та едәуір төмендеген.
Демек жаңа жүйе бойынша оқушылар әрдайым қадағалауда болады. Әрбір ата-ана перзентінің сабаққа қатысуы бойынша смс хабар алып отырады. Баланың үлгерімі әрдайым бақылауда. Әрине, сабаққа бармай көшеде жүретін бала тәртіпсіздік жасайтыны белгілі. Сол себептен, мектеп пен ата-аналар электронды күнделіктің игілігін көре бастаған.
Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы бұл жүйені одан әрі дамыту керектігін міндеттеді. Оған қоса, шаһар басшысы мына бір деректерді де көпшілікке жайып салды. Статистика бойынша бүгінде бізде 13 оқушыға бір компьютерден келеді. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, осы автоматтандыру, цифрландыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Қала әкімі білім басқармасы басшылығына осы мәселені қысқа уақыттың ішінде шешу қажеттігін тапсырды.
Жалпы айта кетсек, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында арнайы іс-шара жоспары бекітілген. Кестеге сәйкес, оқушылар арасында «Цифрлық Қазақстан» сайысы жиі ұйымдастырылып, тұрғылықты тұрғындарымен іс-шара өткізілуде.

Технология қалай іске асады?

Электронды бақылау күнделік жобасының авторы – Strategic Consultants & K компаниясы. Бұл жүйе Microsoft корпорациясының өнеркәсіптік шешімдерінің негізінде іске асырылып отыр.
Негізгі басты мақсат – оқыту үрдісінің сапасын арттыру. Жоба Түркістан облысының прокуратурасы қолдауымен іске асқан.
Енді, электронды бақылау күнделіктің артықшылықтарын тарқатып айталық. Жаңа бағдарламаға сәйкес, оқытушылар оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік алады; ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылап отырады; оқушылар оқыту үрдісіндегі ақпараттарды еркін ала алады. Ең бастысы, балалар онлайн-білім беру құралдары арқылы ата-аналармен сөйлесуге қол жеткізеді.
Бағдарламаны қолдану функцияларының реті мынадай: Біріншіден, бағаларды қою (бағалаудың барлық түрлері), ағымдағы бағалардың қорытындылары онлайн тәртіпте қойылып, ата-аналар сабаққа қатысуды бақылап отырады. Яғни, ата-аналар балаларының үлгерімін смс хабарламалар мен порталдағы деректер арқылы бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді. Балалардың сабақ үлгерімі, сабақ кестесі мен үй тапсырмасының орындалуы, баланың себепсіз сабақта жоқтығы немесе сабаққа кешігуі әрдайым назарда болады.
Шымкент қаласы білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталықтың директоры Кенжегүл Сағындықованың айтуынша, мектепке осы жүйені енгізудің нәтижесінде оқушылардың үлгерімі жақсарып, оқуда озат болуына септігін тигізеді.
Қазір мектептегі білім сапасын арттыру, тәрбиелік жұмыстарды дамыту – өзекті мәселенің бірі. Жаңа технологияны қолданудың нәтижесінде көздеген мақсаттарға жетуге мүмкіндік бар.

Екі дүркін чемпион!

Среда, 29 Август 2018 05:20

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Джакарта төрінде жеңісті жолды жалғастырды. Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова командалық сайыста Азиаданың жеңімпазы атанды. Сонымен қоса, Алина Әділханова көпсайыста үздік шықты.

40172288 1921865714528358 4628077709572964352 n

Осылайша Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел спортшылары сегіз алтынды қанжығалап, алғашқы ондыққа кірді. Әлия Юсупова жетекшілік ететін біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Екінші орында – Өзбекстан, үшінші сатыда – Оңтүстік Корея спортшылары. Алина Әділханова да көпсайыста Өзбекстан және Қытай аруларынан озып, дара шықты.
Ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова шәкірттерінен зор үміт күткен. Сенім ақталды. Әбдірбекова мен Әділханова – Шымкент қаласының көркем гимнастика мектебінің шәкірттері. Шымкенттік гимнасшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да жүлдегер атанғанын айта кетейік. Бұл жолы бас жүлде қоржынға түсті.
Сондай-ақ, шымкенттік басқа спортшылар да қола жүлделерге ие болды. Семсерлесуден Эльмир Әлімжанов пен каратэші Данияр Юлдашев (+84 келі) үздік үшінші орыннан көрінді. Сегіз алтынды қанжығаға байлаған Қазақстан жалпы есепте әзірге 11-орында тұр.

Пандустар талапқа сай ма?

Среда, 15 Август 2018 04:31

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында биылдың өзінде 185 нысанға пандустар орнатылған. Мобильді топ мүшелері 271 нысанның иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар негізінен мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатындағы «Біз біргеміз» атты акция аясында жүзеге асып отыр.

DSC 5450

Жалпы, ауданда 64 мемлекеттік мекеме және 1011 жекеменшік нысан бар. Сәйкесінше, 64 мемлекеттік нысанға және жекеменшік 971 нысанға толықтай пандус орнатылыпты. Аудандағы әлсіз топтағы азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, олардың мемлекеттік және жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін акция ұдайы өткізілуде. Бүгінде жеке меншіктегі 185 нысанға пандус қойылса, қалған 40 нысанға жыл соңына дейін орнатылады. Жалпы, ауданда мүгедектердің саны – 3961 адам. Оның ішінде 360 адам арбаға таңылған. Олардың ғимараттарға кіріп-шығуына оңтайлы жағдай жасалуда.
Ауданда мүгедектерге қолжетімді орта құру үшін жекеменшік нысандарға методикалық көмек көрсететін және зерделеу жұмыстарын жүргізетін мобильді топ құрылған. Оның құрамында білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері бар. Талаптарды орындамаған жеке кәсіпкерлерге мобильді топ мүшелері ескерту жасап келеді.
Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Босымбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер тек қана пандус емес, өз жағдайларына қарай жеделсаты да орнатып жатыр.
– Жалпы, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сапасын жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл жоспарда қоғамдағы әлсіз топтағы азаматтардың мемлекеттік мекемемелерге кіруі, көшеде жүріп-тұруына жағдай жасау көзделген. Бұл мақсатта арнайы топ құрылып, тиісінше ескерту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, тек мүгедектерге ғана емес, жасы 80 нен асқан қарияларымыз, балаларын ерткен жас аналарымыз да пандустың көмегін пайдаланады. Егер орнатпаған мекемелер болса, оларға арнайы хатпен шығамыз, үш ескерту береміз. Онда да әрекет байқалмаған жағдайда шара қолдану бойынша құзырлы органдарға ұсыныс беріледі, – дейді аудан әкімінің орынбасары.

90 пайызға жуық қолжетімді орта қалыптасқан

DSC 5556

«Біз біргеміз» акциясы аясында мобильді топ пен БАҚ өкілдері аудандағы пандустардың жағдайымен танысты. Негізінен сауда орындарындағы жағдайға куә болдық. Мәселен, Тәуке хан көшесінің бойындағы «Ақ дастархан» сауда орны жаңа үлгіде жеделсаты орнатыпты. Арбаға таңылған азаматтарға қолайлы. Зырылдап істеп тұрған жеделсатының көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандар осы нысанға еркін кіріп-шыға алады.
Келесі нысан – «Биоклиник» медицина орталығына пандус орнатылған. Бірақ азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайсыз. Мобильді топ мүшелері меншік иесіне ескерту жасады. Кәсіпкерлер межелі мерзімде талапты орындауға уәде берді.
– Жалпы айтқанда Әл-Фараби ауданы бойынша әлсіз топтағы азаматтарға жағдай жасалған. 90 пайыз қолжетімді. 2012 жылдан бастап ай сайын акция өткізіліп келеді. Мектеп, балабақшаларда, сауда ғимараттарында барлығы сәйкес. Дегенмен, кейбір талапқа сай емес жекеменшік нысандар да бар. Салондар, дүкендер де сай емес деп айтуға болады, – дейді қалалық мүгедектер қауымдастығының мүшесі Бейіржан Қазыханов.
Мобильді топ осылайша әр ай сайын акцияны жалғастыра бермек. Ал пандус орнатпаған немесе ескертуге пысқырмай жүрген жүрген кәсіпкерлерге талап күшеймек.

Страница 5 из 14