tauelsizdik-berik-korgani 2

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады.

— Бұл – халқымызға тән батырлықтың және отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен кең байтақ даламызды қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. Бабалардың аманатына адал болу – бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Себебі, тарих қойнауындағы ерлікке толы жеңісті жолымыз ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде ұлттық армиямыз түрлі даму сатыларынан өтіп, жылдан жылға қуаты артып келеді. Бүгінде дайындық деңгейі жоғары, жауынгерлік рухы асқақ, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталған. Бір ауыз сөзбен айтсақ, айбынды армиямыз – тұғырлы Тәуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің берік қорғаны болып табылады, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

М.Әйтеновтің айтуынша, әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал ел Тәуелсіздігі мен территориялық тұтастықты қорғауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қай кездегіден де өзекті мәселеге айналдырып отыр.

— Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін қадір тұтады, – деді шаһар басшысы.

Салтанатты жиында қала әкімі М.Әйтенов бірқатар әскери қызметкерлерге Алғыс хат тапсырды. Сонымен қатар жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлерді мерекесімен құттықтап, мінсіз қызмет атқарған сардарлар мен сарбаздарды марапаттады.

Жиынның соңы Шымкент әскери гарнизоны сарбаздары, қаладағы әскери оқу орындары курсанттары мен эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.

«Шымкент қаласындағы әрбір шағынаудан мен тұрғын алаптың өз емханасы болуы тиіс. Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтуға және медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді». Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

861

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарманың 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы айтылды.

611

–Түркияда орын алған жер сілкінісінен кейін көпшілікті Шымкент қаласының зілзалаға дайындығы қалай деген сұрақ мазалайды...

–Шымкент қаласы 7-8 баллдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті табиғи апатқа дайындықты пысықтау үшін тиісті шараларды жүйелі түрде атқарып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айында 2023 жылы атқарылатын іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілген. Бұл жоспарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бекіткен. Осы жоспарда қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелер санаттары бойынша есепке алынып, онда сейсможаттығулар өткізудің кестесі көрсетілген. Бұл жаттығуларда азаматтардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері, қауіпсіз аймаққа қалай шығу керектігі, төтенше жағдай кезіндегі әр ұйымда жедел түрде құрылатын құрылымдардың іс-әрекет жоспары пысықталады.

607

zhuldyz-industrialy-aimak

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. ...жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.

Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосымша 155 гектарға, ал, Шымкент сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 гектарға кеңейтілген. Сонымен қатар қазір Шымкентте тамақ өнеркәсібіне бағытталған «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалды аймақтарының тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттарын әзірледі. Бұл индустриалды аймақтардың инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен тікелей қаржы тарту және осы аймақтарға «республикалық индустриалды аймақ» мәртебесін беруге жол ашады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының өндірістік қуаты негізінен 5 өнеркәсіптік аймақта шоғырланған. Бұл аймақтарда жалпы 230-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 14 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылған. Қалаға келіп, жаңа кәсіпорындар ашуға ниетті инвесторлардың көп болуына байланысты, жоғарыда айтқанымыздай, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» атты жаңа индустриалды аймақтар құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Одан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығын Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірінің логистикалық хабына айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, Шымкент қаласының әкімдігі алдағы бесжылдықта қала экономикасына 6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Айдар САЙЛАУҰЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді.

189

«КІСІДЕГІНІҢ КІЛТІ АСПАНДА»

Пятница, 07 Апрель 2023 03:44

немесе алдағы бесжылдықта импортты алмастыруға басымдық беріледі

 

Сегізінші шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы бесжылдықтағы дамуының негізгі бағыт-бағдарын айқындап, Парламент пен Үкіметтің және өңірлердегі жергілікті биліктің алдына нақты міндеттер қойды. Өткен 2 жыл бойына еліміздің саяси жаңғыруына басымдық берілгенін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы енді экономикадағы қордаланған мәселелерді шешетін уақыт жеткенін атап өтті.

137

Бизнес идея – кәсіпке жол

Пятница, 31 Март 2023 05:08

Шымкентте мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жаңа бизнес идеяларды іске асырған кәсіпкерлердің қатысуымен көрме өтті. Онда 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі грантқа ие болып, кәсібін бастаған 150-ден астам шымкенттік азамат өз өнімдерін келушілердің назарына ұсынды.

311

Страница 9 из 43