Көненің соңы жаңаның басы, куәсі жылдың мыңдаған
Среда, 23 Июнь 2021 03:37Шымкенттің республикадағы маңызы бар үшінші қала атанғанына – 3 жыл! Қала күні мерекесіне орай, Шымкент қаласы әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы шымкенттіктер үшін көптеген тосын сый дайындады. Әл Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Мегаполиске квест-саяхатынан» басталған іс-шаралар легі бір аптаға жалғасты. Көпшілік кітапханалар жүйесінің №15 филиалында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» әдеби сағаты, №16 филиалында «Шырайлы шаһар – Шымкент» кітап көрмесі, Әл-Фараби кітапханасында ҚР Жазушылар одағының мүшелерінің қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры және ұлттық әдебиет» дөңгелек үстелі кітапсүйер көпшілік үшін рухани азық болғаны сөзсіз.
ТАРИХИ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Среда, 16 Июнь 2021 04:43Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, шежіреші, А.Сүлейменов атындағы, Ғ.Мүсірепов атындағы, П.Кәдеев атындағы әдеби сыйлықтардың иегері Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тарихы» кітабының тұсаукесері өтіп, көпшілікке таныстырылды.
ҚОҚЫС ТАСТАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАШАН ҮЙРЕНЕМІЗ?
Пятница, 11 Июнь 2021 03:40«Әкімдік қайда қарап жүр, неге қоқыс тазаланбайды?». Осы тақылеттес арыз-шағымды күн сайын естиміз. Әсіресе, жаз мезгілінде көпқабатты үйлердің ауласында бей-берекет тасталған қоқыстан қоламса иіс шығып, қоршаған ортаға қолайсыздық туғызып жатады. Осыған байланысты инстаграм әлеуметтік желісінде https://www.instagram.com/_kuda_smotrit_akimat/ арнайы парақша ашылыпты. Оған кірсеңіз, күл-қоқысқа толы өмірдің виртуалды нұсқасын көресіз. Сол жерде қойылған сауалдардың дені «Әкімдік не істеп жүр?» дегенге саяды. Жалпы, қоқыс – ғасыр мәселесі. Қыста да, жазда да жиналмайтын қоқыс тақырыбы қашан да өзекті. Шаһардың ең жас ауданы Қаратау ауданын мысалға ала отырып, қоқыстың неге жиналмайтынын зерттеп көрдік.
Самат АЛТАЙ, режиссер: «МОЙЫНДАМАУҒА МОЙЫН БҰРЫП КЕТКЕНБІЗ...»
Среда, 09 Июнь 2021 04:19Шымкенттің мәдениетінде маңызды іс-шараларды ұйымдастырып, жақсы өтуіне тікелей ат салысып жүретін бір азамат бар. Бірақ, аты көп аталмайды. Иә, біз 22 жылда театр өнерінде 74 рөлді сомдап, 46 спектакль, 23 ертегі мен өзінің авторлық 11 пьесасының қойылымдарын сахналаған Самат Алтай туралы айтып отырмыз. Айтары бар азаматпен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
30 жылдыққа 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
Среда, 02 Июнь 2021 03:57Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Shymkala» этноауылында 30 бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өтті.
ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫН ҰРПАҚТАР ЕСКЕ АЛАДЫ
Среда, 02 Июнь 2021 03:5231 мамыр. Жаралы жүректің шемен шері тарқатылып, көкдөнен көңілдің бір құлазып, мұңайып, аласапыран күй кешетін күні. Тағылымды тарих беттерінен қазақ үшін қасық қанын қиған тұлғалардың көрген қиындығын оқысаң жаның түршігеді. Еске алып, елестетудің өзі қорқынышты. Қылышынан қан тамған Кеңестік режимнің кесірінен қынадай қырылған ұлт зиялыларын аза тұтатын, тағзым ететін мезетте Шымкент қаласында бірқатар іс-шаралар өтті.
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған!
Среда, 26 Май 2021 04:1025 мамыр – мектеп бітірушілер есінде мәңгі сақталатын, тәуелсіз елдің ұрпақтары үшін, еліміз үшін айтулы күн. Осы күні Шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында да соңғы қоңырау соғылды. Айта кетейік, 1991 жылы ашылған білім ұясының биылғы мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және қазақ халқының тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
«Qora z»: көрермен көзімен
Среда, 19 Май 2021 03:53Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 14 мамыр күні «Qora z» трагикомедиясының премьерасын өткізді.