30 жылдыққа 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді Избранное

Среда, 02 Июнь 2021 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2236 раз

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Shymkala» этноауылында 30 бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өтті.

916

 

Мерекелік сағат аясында балалар үйінен арнайы шақырылған 30 бүлдіршіннің тұсауын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қолөнер шебері Болат Бейісбеков, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нармахан Бегалы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдіраимов сынды елге сыйлы, құрметті азаматтар кесті.
Осылайша қазақ халқының тектану ұғымына терең мән беріп, жетімі мен жесірін жылатпаған ел екендігін көпшілікке ұғындырып, жас ұрпаққа дәстүрге бай ел екенімізді сезіндірген сәтке куә болдық. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге мерекелік сәт сыйлау арқылы көңілдеріне қуаныш ұялатып қана қойған жоқ, өзінің тегіне үңілдірді.

917


Сондай-ақ, «Жеті қазына» атты балаларға арналған интеллектуалды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар төрт топқа бөлініп, Тәуелсіздік саябағында көмбеге жасырылған 7 қазынаны іздеді. Ал, этноауылда «асық», «теппе», «асау мәстек» ойнап, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарысып, қазақ хандарына шолу жасап, тоғызқұмалақтан, есеп шығарудан сайыс өткізді. Өскелең қыздар құрақ құраудан жарысты. Сайыс соңында балаларға арнайы сыйлықтар таратылды.
Жас ұрпақ бойына қазақтың ұлттық ойындарын сіңіріп, еліміздің тарихын жан-жақты ұғына түсті. Мерекелік шара барысында қуыршақ театрының әртістері балалармен би билейді. Сахнада бүлдіршіндердің орындауында концерттік бағдарлама көрсетілді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.