Мемлекеттік бюджетке – 168,7 млрд теңге кіріс Избранное

Среда, 16 Январь 2019 05:04 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4364 раз

2018 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 157 млрд 604,9 млн теңге көлемінде жоспарланса, нақты түсім 168 млрд 611,7 млн теңгені құрап, жоспар 106,9 пайызға орындалған.

Бюджет

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының мәжілісінде қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндаған қаржы басқармасының басшысы К.Жанбосынов мәлімдеді.
– 2018 жылы республикалық бюджетке 96 млрд 450 млн теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар қала бюджетінің кіріс бөлігі 106,1 пайызға орындалып, нақты түсім 72 млрд 161,7 млн теңгені құрады немесе 4 млрд 153,5 млн теңге бюджетке артық түсті, - деді басқарма басшысы. Спикер шығыс бюджетінің қаржысы есепті кезеңге 99,9 пайызға игерілгенін айтып өтті.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы түсіндірілді.Алдағы жылдары қаланың даму жолында жұмыс атқарылатынын айтқан қала әкімі сала жетекшілеріне бөлінген мемлекет қаржысының тиісті деңгейде орындалуын жіті назарда ұстауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.