Кітапханалардың ағартушылық орнын ешқашан да ештеңе де алмастыра алмайтынын ерекшелей екшеді. Ақын-жазушылардың қашаннан бері шырылдай айтып, жазып жүрген мәселесін Мемлекет басшысы жүрекжарды, тағдыршешті түйінсөзімен тағылымдады.
Мың рақмет Сізге!
Жаңа Жолдауыңызда да тұтас ұлт сапасын арттыруды, адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіруді, ұлтты жаңартып, елді жаңғыртуды айрықшалап көрсеткен едіңіз. Осы міндеттерді ойдағыдай орындауда да кітаптың, көркем әдебиеттің жөні бөлек, жосығы еректігін ескерген ерендігіңізге ризамыз!
Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері