Әл-Фараби ауданы бойынша көше бойында заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынады

Пятница, 14 Октябрь 2016 05:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5601 раз

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы, 10 тармағына сәйкес, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы талаптарды сақтамау жер учаскесін өз бетінше иелену деп бағаланады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2014 жылғы 3 қарашадағы Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, төменде көрсетілген заңсыз орнатылған және нысаналы мақсатына сай емес нысандар иелерінің өздері шығаруларын сұраймыз.
Аталған талаптар, 30.09.2016 жылға дейін орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандарды мәжбүрлеп шығару бойынша шаралар қолданады. Ал олардың иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ДҮҢГІРШЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ:

1) Төле би көшесі, Қырғы базар аумағы (3 нысанның құжаттары рәсімделмеген).

2) Республика даңғылы, №43 үйдің маңы «Тандыр самса» сататын ақ пластик (нысанның құжаттары рәсімделмеген).

3) Республика даңғылы, Электрон аялдамасы (нысанның құжаты рәсімделмеген).

4) Республика даңғылы мен Айбергенов көшесінің қиылысы «Сити» кафесінің алды (құжаты рәсімделмеген).

5) Республика даңғылы, №19 үйдің маңы (құжаты рәсімделмеген).

6) Республика даңғылы, №13 үйдің маңы «Пилигрим» кафесінің алды (мерзімі өткен).

7) Республика даңғылы «Огонек» аялдамасы (нысан құжаты рәсімделмеген).

8) Тәуке хан даңғылы, «Кен баба» аялдамасының жаны сағат жөндейтін дүңгіршек (құжаты рәсімделмеген).

9) Тәуке хан даңғылы, «Орталық» саябақтың жаны, гүлдер сататын екі ақ пластик дүңгіршегі (2 нысан құжатсыз).

10) Ш.Қалдаяқов көшесі, ЦОН-ға қарама-қарсы бетте, Созақ дәмханасының алды (нысан құжатсыз).

11) Жангельдин көшесі, «Лакомка» аялдамасының аумағы, көлік жуу бекетінің жаны темір контейнер (нысан құжатсыз).

12) Т.Рысқұлов көшесі, «Гипер хаус» С.О. аумағы екі дүңгіршек (2 нысан мақсатына сай емес).

13) Т.Рысқұлов көшесі, «Карл Маркс» аялдамасы, Қатаған дүкенінің жаны 2 дүңгіршек (2 нысан құжатсыз).

14) Түркістан мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, «Аспава» кафесінің алды (нысан мақсатына сай емес).

15) С.Бәйтереков көшесі №56 үйдің алдындағы дүңгіршек. (нысаналы мақсатына сай емес).

16) Байтұрсынов көшесі №47 мектепке қарама-қарсы бетте орналасқан киіз үй (нысаналы мақсатына сай емес).

17) Республика даңғылы, №41 үй, №36 пәтер мекенжайдағы «Атаман» дүкені.

18) Қазыбек би көшесі, №4 ғимараттың жанындағы «Әсем» асханасы.

19) Қазыбек би көшесі, «Әсем» асханасының жанындағы балмұздақ сататын дүңгіршек.

20) Қазыбек би көшесі, «Азия связной» жанындағы ақ пластик дүңгіршегі.

21) Адырбеков көшесі, «Фиркан» шағын маркетіне қарама-қарсы бетте орналасқан күзет дүңгіршегі.

22) Қабанбай батыр көшесі, теміржол вокзалына қарама-қарсы бетте «Касса» дүңгіршегі.

23) Әйтеке би көшесі, «Ескі қала» шағынауданы «Сәулет» дүкенінің жанындағы контейнер.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.