«Шабытыма арқау болған – 25»

Пятница, 14 Октябрь 2016 05:10 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4777 раз

ҚҰРМЕТТІ ОҢТҮСТІКТІҢ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРЫ!

ОҚО Мәдениет басқармасының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Шабытыма арқау болған – 25» атты жыр мүшәйрасына қатысып бақ сынаңыздар.
Мүшәйраның жалпы ережесі:

Ережелері мен шарттары:

Мүшәйраға 18-25 жас аралығындағы ақындар қатыстырылады.
Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған 2 өлеңін жібереді.
1) Тәуелсіздікке арнау;
2) Еркін тақырып;
Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 2 данасын және электронды нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.
Шығармалар 25 шумақтан аспауы керек.
Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау:

І-орын (біреу) – 250 мың теңге.
ІІ- орын (біреу) – 150 мың теңге.
ІІІ-орын (екеу) – 100 мың теңге.
Ынталандыру жүлделері: (бес) 5д.х 30 мың – 150 мың теңге.
Жеңімпаз атанған үміткерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.
Үміткерлер шығармаларын 2016 жылдың 20 қарашасына дейін тапсыруы тиіс.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ

Мүшәйраға қатысушылардан төмендегі құжаттар қабылданады:

– Өтініші
– Шығармашылық мінездеме.
– Жеке куәлігінің көшірмесі
– 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті
– Үй және ұялы телефондары
– Шығармалары (2 дана) және электронды нұсқасы.
Мүшәйраға қатысушылар құжаттарын төмендегі мекен-жайға жіберулері тиіс:
А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы. ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, №13 А.
Байланыс телефондары: 8(7252)-53-97-62; ұялы тел: 87788404460, 87758998484, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Өршіл рухыңыз, бойыңызда табиғат тарту еткен талантыңыз болса, бұл Сіздің мүмкіндігіңіз!

Последнее изменение Пятница, 14 Октябрь 2016 05:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.