Акция 1 маусымға дейін жалғасады

Среда, 25 Май 2016 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5448 раз

Облыс, қала басшыларының тапсырмасына сәйкес мүгедектердің қолжетімді ортасын құру мақсатында жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында «Біз біргеміз» акциясы өткізілгені белгілі. Бұл акция енді 1 маусымға дейін созылмақ. Осыған орай Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері екі жұмысшы топ құрып, жеке меншік нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Сол түсіндіру жұмыстарының нәтижесін комиссия құрамы тексеруге шықты.

Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы жекеменшік нысан иелерінің басым көпшілігі әлі пандус орнатпаған. Олар өздеріне берілген мерзімді ұзартуды сұрап отыр.

1358839698 pandus

– Біз акция барысында 300-ден аса жекеменшік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Кемшіліктер реттелген нысандар да бар. ҚР Әлеуметтік қорғау туралы заңының 25 бабы, 3 тармағында мүгедек жандарға кәсіпкерлік нысандар өздеріне кіріп-шығуына қолжетімді орта жасауды міндеттеген. Егер ол талап орындалмайтын болса, ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 83 бабына сәйкес арнайы құзырлы мекемелер 200, 400 есептік айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салады. Біздің мақсатымыз – айыппұл салу емес, осы акция аясында кәсіпкерлік нысан иелерін мұқтаж жандарға жағдай жасауға шақыру, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.