Кеше Астанада бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды. Бұл – Олимпиадаға жолдама берер жауапты сайыс.
ҚР әйелдер құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк әлемдік сайысқа қатысатын шәкірттерінен зор үміт күтіп отыр. Әсіресе, Олимпиадалық 51, 60, 75 келі салмақтың бәсі жоғары болмақ. Бапкерлер ақылдаса келе 51 келіде оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековаға сенім артуды жөн көрді.
Жерлесіміз әлем біріншілігінде Олимпиада жолдамасын иеленеді деп сенеміз. Оған боксшының барлық мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, Жайна Шекербекова – 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2010 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.