Сайыс алаңында – мемлекеттiк қызметкерлер

Пятница, 20 Май 2016 05:47 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 5001 раз

Дәстүрлі Спартакиада жалауын көтерді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері арасында өтетін спорт бәсекесі қыза түсті.

573708ce2af92

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда өткен жарыстың ашылу салтанатында Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
– ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген дәстүрлі турнирдің мән-маңызы жоғары. Қызмет барысында бір-екі күнді спорт жарыстарына арнағанымыз өте дұрыс. Елбасымыз салауатты өмір салтына көп көңіл бөліп жатыр. Спорт – біріктіруші күш. Әсіресе, командалық ойындар арқылы әріптестік нығаяды. Жарыста мықтылар жеңсін! – деді мәслихат хатшысы.
Шымкент қаласы әкімінің аппараты мен қала мәслихаты, аудан әкімдіктері мен құрылымдық бөлімдерден құралған 11 команда спорттың сегіз түрінен сайысқа түсуде. 14 мамырдан бері кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, арқан тарту, жеңіл атлетика және қол күресінен тартысты ойындарды өтіп жатыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 21 мамыр күні анықталады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.