Бірыңғай орталық ашылды Избранное

Среда, 13 Февраль 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2676 раз

Шымкент қаласы Нұрсәт шағынауданында «Медиацияны дамыту орталығы» және «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бірыңғай қызмет көрсету орталығының және «АЛЬТАИР» мүгедектер қоғамы бірлестігінің кеңсесі ашылды.

Нұрсәтте орталық ашылды 3

Салтанатты ашылу рәсіміне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «Медиацияны дамыту орталығы» және «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Л.Ақшегірова, «АЛЬТАИР» мүгедектер қоғамы бірлестігінің жоба жетекшісі М.Төлбасиев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларының, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің өкілдері қатысып, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл орталықта Шымкент қаласы тұрғындарының медиаторлық, психологиялық, заңгерлік көмектер алуына жағдай жасалған. Сонымен бірге телефон арқылы да кеңестер алуға болады.

А.Датқаев,
«Шымкент қаласы
кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар
бірлестігінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.