Қазақ тілі басты назарда

Среда, 27 Июль 2016 10:32 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3551 раз

Тәуелсіздігін алып, іргесі беки бастаған Қазақстан Республикасы өзінің ана тілін қорғауда үлкен жұмыстар атқаруда. Осыған орай 1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негізін, мемлекеттің олардың оқып-үйрену мен дамытуы үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикада қолданылатын барлық тілге құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.


Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша бірқатар мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосып келуде.

Жоғарыда айтылған Заң бірінші талап ретінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдайды жасауды міндеттейді.

Әділет департаменті де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Барлық мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ал, басқа мемлекеттерді қоспағанда, егер де хат орыс тілінде келіп түскен болса, онда оған орыс тіліндегі жауабымен қоса мемлекеттік тілде де жауап беруде.
Ұлттың тұтастығы тілінің болашағында, тілдің болашағы сол ұлт өкілдерінің үлесіндегі жұмыс. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқын жоғалтпай қазақ қалпында бүгінге жеткізген ана тілі – қазақ тілі. Қазақ халқының мәңгілік мекені Қазақстан мемлекетін жасампаз мемлекетке айналдыру үшін ұлт тілі – қазақ тілін дәрежелеуіміз керек. Әр ұлттың  ұрпағы мемлекетінің, ата-бабасының тарихын өз ана тілінде оқып білуі тиіс. Ендеше, ұлтымыздың болашағы үшін жұмыла жұмыс жасайық!

Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ буындарын мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне оқу орындарында дайындаумен қатар, мемлекеттік тілдегі іс жүргізу тілін меңгеруін қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміздің өсіп-өркендеуі, келешекте тіліміз үлкен мәртебеге ие болып, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі тең болады.

З.Қ. ҚАБЫЛБЕКОВА, 
Ич 167/4 мекемесі Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

 

Последнее изменение Среда, 27 Июль 2016 10:37
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Түрмеде де өмір бар... Тіл – ұлттың жаны »