Түрмеде де өмір бар...

Среда, 27 Июль 2016 10:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6303 раз

ҚАЖК ОҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекемесі Шымкент қаласы, Майлы қожа-6 көшесінде орналасқан. Жалпы, мекеме сыйымдылығы 230 адамға арналған. Бүгінгі таңда,  нақты ұсталынып отырғандардың саны – 209.

Мекеме ғимараты  2008 жылы күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Мәселен,  әр жатын бөлмеге санитарлық торап  (сан.узел) орнатылған. Ауа алмасу автоматты орталықтандырылған жүйесі арқылы іске асуда. Жарық жүйесі табиғи және жасанды.

2013 жылы мекеменің тұрғын аймағында және әкмішілік аймағында өртке қарсы дабыл жүйелері орнатылған. Мекеменің  ішкі және сыртқы аймағында өртке қарсы гидрант құрылғысы орнатылды. Мекемеде   өртке қарсы аймақтық төтенше жағдайлар бойынша комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп 2015 жылдың  24-қараша  айында оқу- жаттығу шаралары өткізіліп, бақылаушылардан оң баға берілген.

Жалпы мекеме аумағы 1949,7 шаршы метрді құрайды. Тұрғын аймағы  сотталғандарға шаққанда 1 соттталғанға 3,5 шаршы метр. Мекемеде 6-жасақ жасақталған.  Әр жасақта 35-36 сотталғаннан, оларға шайхана, демалу бөлмесі, қойма қарастырылып жабдықталған. Мекемеде сотталғандарға арналған монша, кір-жуу орны, шаштараз, дене-шынықтыру бөлмесі, кітапхана қамтылған. Дене-шынықтыру бөлмесі  спорттық  құралдармен ( теннис, велотренажер, обруч т.б) жабдықталған. Мекемеде кестеге және түзілген жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар және спартакиядалар өткізіліп тұрады.

Сотталғандарға арналған жалпы асхана 150 адам сыйымдылығымен әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, тұрғын ғимаратының бірінші қабатында жуыну-кір жуу 398 шаршы метр аумағымен орналасқан   60 адамға арналған сыйымдылығымен, «Е-1\9» 2 дана бу-қазандығымен жылыту іске асырылады. Тұрғын ғимаратының екінші қабатында сотталғандарға арналған кітапхана қарастырылған. Жәнеде  сотталғандарға арналған қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерге арналған 6 бөлме қарастырылды. Бекітілген кестеге сайкес жұмыс жүргізілуде. Мекеме ғимараттары АҚ «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» жылумен ал, энерго-қуаттауы «Энергопаток» ЖШС –мен, ауыз – су  «Водный маркетинг и ресурсы» ЖШС қамтамасыз етеді. Сондай –ақ, комуналдық қызмметтер үздіксіз қамтылуда. Мекеменің теңгерімінде -9 дана автокөлік бар: ассинезатор автокөлік – 1 дана, қоқыс шығару қөлігі -1 дана, Авто-зак көлігі -1 дана, жедел жәрдем көлігі -1 дана, Азық-түлік тасымалдау көлігі-1 дана, жүк тасымалдау «Газель» көлігі- 1 дана, жеңіл автокөлік- 3 дана, Электро-қуатын беру Дизель-генератор 1 дана.

 Сонымен бірге, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетімен белгіленген жоспарға сәйкес және мекемелік жоспарларға сәйкес әр мереке сайын  және аптаның сенбі жексенбі күндері сотталғандар тарапынан белсенділік танытылып көркем өнерпаздар үйірмесі ұймдастырлуда. Сотталғандарға арналған серуендеу алаңы  кестеге сәйкес күн тәртібімен жұмыс істеуде. Жасақ бастықтарымен әр жасақтағы сотталғандарды кестеге сай серуенуге шығару іс-шаралары атқарылуда.

Айта кетейік, мекеме қалалық орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 2015 жылы  агымдагы  жөндеуден өтіп қыс мерзімінде тұрғын аймағының  жатын бөлмелерінде ауа температурасы 20-25 градусты құрады. Барлық бөлмелерге термометрлер орнатылған, бөлме ылғалдылығы 50-60 пайыздың көлемінде болады. Әр жасақта кун тәртібіне сәйкес кесте бойынша сотталғандар тарапынан ылғалды жуу жұмыстары жүргізілуде.   

Мекеме аумағы табиғи және жасанды жарықтандырылған. Сотталғандардың жатын бөлмесінің ішкі көлемі 24 м2, әр бөлмеде екі терезеден орналасқан, терезенің көлемі 1200 мм х800 мм, терезенің жалпы жарықтандару нақты көлемі 1.92 ш.м2. ҚР 2.04-05.2002 Құрылыс нормативтері және ережелерінің (СНиП) талаптарына сәйкес келеді.

Айтып айтпай не керек,  мұндағы жазасын өтеуші қыз-келіншектер әр сағат, әр күндерін санаумен өткізіп, бостандыққа ертерек шыққылары келетінін түсінемін. Біз де өз тарапымыздан оларға жылы сөйлеуге, жандарын түсінуге, лажы барынша көңілдерін көтеруге тырысамыз. Әрбір мереке мекемемізде атаусыз қалып көрген емес. Дүрілдетіп өткізіп, бір сәт болса да жабырқау жүздерді жадыратуға әрекеттенеміз. Бәріміз де сотталушылардың еркіндікке шығуын, қоғамнан өз орындарын табуын, отбасыларымен қауышуын тілейміз.

З.Қ. ҚАБЫЛБЕКОВА,
Ич 167/4 мекемесі
Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Последнее изменение Среда, 27 Июль 2016 10:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.