Қамқорлық күшейедi Избранное

Среда, 18 Май 2016 05:48 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3381 раз

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық күшейе түспек. Соның бір дәлелі – шаһар аумағында «әлеуметтік такси» және «инва-такси» көлік қызметтері жақсара түсті. Бұл туралы қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлімдеді.

5734a4c426264

Бүгінде облыс аумағында жеті инва-такси болса, жекелеген 24 әлеуметтік такси өз қызметін атқарып отыр. Жаяу жүргіншілер жолағынан өте алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қала әкімінің тікелей қадағалауымен Т. Рысқұлов даңғылындағы жаңадан салынған жолүсті өткелінде арнайы мүгедектерге арналған жеделсаты орнатылды.
Алдағы уақытта қала тұрғындары жиі жүріп-тұратын жол бөліктерінде мұндай құрылғыларды орнату жоспарланып отыр. Қала әкімдігінде өткен жиында шаһар басшысы Ғ. Әбдірахымов әкімдік қызметкерлеріне арыз-шағым жиі түсетін мекен-жайларға барып, тұрғындардың талап-тілектері бойынша тиісті жұмыстарды қолға алу қажеттігі жөнінде тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.