Шымкентте балабақша меңгерушілері де ашық конкурс арқылы тағайындалады. Осылайша алғаш рет қала әкімінің бастамасымен жүзеге асқан мектеп директорларын тағайындау әдісі басқа салалардың да қызығушылығын тудыруда.

          

Бұл жолы Шымкентте алғаш болып бөбекжай меңгерушісін ашық әдіспен тағайындауға №60 «Тараз», №61 «Нұртас» және №62 «Ботақан» балабақшалары қызығушылық танытқан. Аталған басшылық лауазымдарына жалпы саны 16 үміткер өтінім-құжаттарын тапсырды.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен арнайы комиссия отырысының нәтижесі бойынша №60 «Тараз» бөбекжай балабақшасына Қарлығаш Байхарашева, №61 «Нұртас» бөбекжай балабақшасына Айжан Елшібаева, №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасына Феруза Пірімбекова конкурс қорытындысында үздік шықты. Сонымен қатар, №63 негізгі орта мектеп директоры лауазымына 2 үміткер құжат тапсырып, білімі, біліктілігі жағынан көзге түскен Назия Абілдабекова №63 негізгі орта мектеп директоры болып тағайындалды.

Опубликовано в Саясат