Сауытбек АБДРАХМАНОВ: «Жаһандануға бейiмделуiмiз керек» Избранное

Среда, 10 Август 2016 05:32 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3707 раз

Достық, бірлік, татулық қай кезде де керек. Еліміз түрлі қоғамдық мәселелермен бетпе-бет келіп отырғандықтан, ынтымақ-бірліктің маңызы да арта бермек. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде өңір тұрғындарымен кездескен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов осылай деді. Халық қалаулысы облыстың аудан-қалаларын аралап, халықтың талап-тілегін тыңдап жүр.

13920676 1634549566873514 7543869074298275521 n

Іс-сапардың мақсаты – Елбасы Жолдауының орындалу барысы туралы нақты мәліметтерден құлағдар ету, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың маңызын түсіндіру. Ашық сұхбат түрінде өрбіген жиында индустриаландыруға бет бұру, жаһандану, жастар тәрбиесі сынды мәселелер сөз болды.
Облыс әкімі аппараты ассам-блея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жетекшілік еткен жиынға облыстық ассамблея хатшылығы, ОҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

13895589 1634549570206847 1792948211227021590 n

ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА арқылы сайланған депутат алдымен этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарды жүзеге асыру мәселелерін баяндады.
– Экономикалық саясатта жасалған шаралардың бірі – индустриаландыру. Қазіргі күннің өзінде бес институционалық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 23 пайызы орындалды. Ондағы 100 қадам толық іске асқанда даму да қарқын алады. Біз шикізатқа тәуелділіктен құтылуымыз керек. Мұнайы мен газы жоқ ел сияқты өмір сүруді үйренсек. Елбасы да мұны әрдайым айтып келеді. Бірақ оған әлі де көше қойған жоқпыз, – деді С. Абдрахманов.
Сондай-ақ, жиын барысында діни алауыздықтардың пайда болуы, жастар тәрбиесі сынды мәселелер де ортаға салынды. Рас, қазіргі жағдайда бүкіл әлемде қиын жағдай қалыптасып отыр. Бұл тұрғыда депутат жаһандануға бейімделу керектігін айтты. Ендігі міндет – жаһанданудың тетігін, амалын, мерзімін табу қажет.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Последнее изменение Среда, 10 Август 2016 09:33
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.