×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жөндеуден өткен ғимаратқа көшiрiледi Избранное

Пятница, 05 Август 2016 05:12 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3515 раз

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген қала әкімдігінің ескі ғимараты қайта пайдалануға берілді. Ендігі жерде онда қала әкімдігінің үш құрылымдық бөлімі, атап айтқанда, білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы әкімдігі орналасатын болады. Күні бүгінге дейін аталған бөлімдер қаланың әр аумағында ғимараттарды жалға алып келген еді.

 

– Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, – дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Рашид Аюпов. – Алдағы уақытта ғимаратта қала әкімдігінің бірнеше құрылымдық бөлімін орналастыруды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін жиі орын ауыстырып келген бөлім қызметкерлерімен байланысу әсіресе, қала тұрғындарына айтарлықтай қиындық туындатқаны рас. Өз кезегінде, құрылымдық бөлімдерді қала меншігіндегі ғимаратқа орналастыру арқылы бюджет қаржысын үнемдеуге де мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Еңбекші және Абай ауданы әкімдіктерін де аталған орынға көшіру мәселесі алдағы уақытта нақты шешілетін болады. Бұған дейін қала әкімдігі аталған аудан әкімдіктері үшін жаңа бірыңғай үлгідегі ғимараттардың құрылысын жүргізуді жоспарға енгізген де болатын.