Депутаттар қоғамдық қабылдау өткiздi

Пятница, 24 Июнь 2016 05:51 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 6118 раз

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметінің кезекті кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері өткізетін акцияларға, ашық есік күндеріне және бірыңғай қоғамдық қабылдау күндеріне құқық қорғау орындары мен мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуын тапсырған болатын.

20160622 105150

Осы тапсырмалардың аясында партияның Шымкент қалалық филиалы қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2016 жылы өткізілетін акциялардың, ашық есік және бірыңғай қоғамдық қабылдау күндерінің жұмыс жоспарын бекіткен болатын.

Осыған орай, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров пен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов партияның Шымкент қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Алимент өндіруден туындаған дау-дамай, жұмыссыздық, көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшаларының тозығы жетуі, қураған ағаштарды қырқу мәселесін көтерген тұрғындар проблемасы алдағы күндері оң шешілетін болды.

Р. АЙЫМБЕТ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.