Тазалыққа жiтi көңiл бөлiнедi

Пятница, 30 Январь 2015 05:58 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4208 раз

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың халық алдында есеп беру жиыны №24 мектепте қорытындыланды. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жиынына қала әкімі Дархан Сатыбалды,  мәслихат депутаттары, қалалық бөлім басшылары, үй-көше комитетінің төрағалары қатысты.

ENBEK ESEP  01.avi snapshot 02.02 2015.01.29 10.21.36Әуелі аудан әкімі баяндама жасап, тындырылған тірліктерді шолып өтті. Әсіресе, есептік кезеңде қаланы абаттандыру, жол, инфрақұрылымдық жүйелерді реттеу және  көпқабатты тұрғын үйлерді техникалық зерделеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, күнделікті тұтынатын азық-түлік  тауарларының бағасына мониторинг жасалып,  негізсіз көтерілуі бақылауда болған. Айталық, аудан әкімдігі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша «Айна», «Көктем», «Күлтай ана» базарына және 7 үлкен сауда үйіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларына күнделікті мониторинг жүргізді.
Ғалымжан Ильясов қаланың тазалығын сақтауда белсенділік танытқан  тұрғындарға алғысын білдіріп, одан әрі де тазалыққа көңіл бөлінетінін айтты. Былтыр қалалық қоқыс полигонына 19 431,5 текше метр  қоқыс шығарылса, 10222 ағашқа санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілген. 4380 түп ағаш әктелген.  Көпқабатты тұрғын үйлерде санитарлық тазалау аптасына 5 рет, ал жеке секторда 2 рет ұйымдастырылды. Қаланың тазалығын сақтауда үй- көше комитеті төрағаларымен бірлесе жұмыс істеу маңызды.
Аудан тұрғындары тарапынан қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне 23 көпқабатты тұрғын үйді зерделеу жұмыстарын жүргізуге өтінім берілген. Төле би көшесі №15, Қаратөбе тас жолы №34, 18 шағынаудандағы №2, 16 шағынаудандағы №42 үй техникалық тұрғыдан зерделеніп, нәтижесінде Төлеби көшесіндегі №15 үй апатты деп танылған. Қалған үйлерге сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу қажет.
ENBEK ESEP  07.avi snapshot 00.00 2015.01.29 10.28.16Жол салу, өткелдерді ретке келтіру де тұрғындарды әрдайым толғандырар мәселе. Бұл ретте аудан аумағында 20,315 шақырымдық 17 көшенің құрылысын жүргізуге, Төреқұлов (Аймауытов көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін), Жібек жолы көшесін ( Пазиков көшесінен Төлеметов көшесіне дейін) қайта құруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. 2014 жылы Қапал батыр көшесіндегі темір жолдың үстіндегі өткелді қайта құру (1142, 207 млн.теңге) жұмыстары басталды. Құрылысты аяқтау мерзімі – 2016 жыл.
Жиын барысында тұрғындардың да  уәждері тыңдалды. «Тассай» елді мекенінің тұрғыны С. Қасымов қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрады. Айтуынша, №44 бағыт кестемен жүрмейді. Аудан әкімі бұл мәселе бойынша қалалық жолаушылар тасымалы автомобиль жолдары бөлімі келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша,  тұрғындардың айтқан  шағымы ұдайы назарда болады. Халықтың тұрмысын түзеуге қолайлы жағдай жасау, тұрғындарға сапалы ауыз су, электр жүйесі және газбен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын ұсыну – мақсат, әрі міндет.
Қалалық мәслихат депутаты  Еркін Сатқанбаев аудан әкімінің жұмысын жоғары бағалады. «Бұрын тұрғындар әкімінің алдына барып, кіре алмайтын. Мұңын айта алмай, мәселесін шеше алмай жүретін. Ал қазір, әкімдік, билік халыққа жақындай түсті.  Ең алдымен Елбасына рахмет айту керек»,- деді ол.
 Қала әкімі Дархан Амангелдіұлы да Еңбекші ауданы әкімдігінің атқарған жұмысына көңілі толатынын жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.