Пятница, 28 Октябрь 2016 06:10

«Таза қалаға» үлес қос!

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы қазан айының 27 жұлдызынан бастап бір айлық экологиялық «Таза қала» акциясы басталғандығын хабарлаймыз.

14639710 1808538106059215 3632506304942614271 n

Акция аясында автокөліктердің қала көшелерін ластамауын (дөңгелектерінің), көліктерден зиянды түтіндердің нормадан тыс шығуын қадағалау, сондай-ақ, көліктерден қоқыстарды лақтырып кету сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Құрметті шымкенттіктер!
«Таза қала» экологиялық акциясына белсенді қатысып, құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда 8777 8858513 нөміріндегі әкімдіктің whatsApp сервисті қызметіне немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Қаланың тазалығы өз денсаулықтарыңыздың кепілі екендігін ұмытпаңыздар!

Шымкент қаласы әкімдігі,
Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметі

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 14 Октябрь 2016 05:10

«Шабытыма арқау болған – 25»

ҚҰРМЕТТІ ОҢТҮСТІКТІҢ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРЫ!

ОҚО Мәдениет басқармасының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Шабытыма арқау болған – 25» атты жыр мүшәйрасына қатысып бақ сынаңыздар.
Мүшәйраның жалпы ережесі:

Ережелері мен шарттары:

Мүшәйраға 18-25 жас аралығындағы ақындар қатыстырылады.
Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған 2 өлеңін жібереді.
1) Тәуелсіздікке арнау;
2) Еркін тақырып;
Өлеңдерін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 2 данасын және электронды нұсқасын ұйымдастырушыларға тапсырады.
Шығармалар 25 шумақтан аспауы керек.
Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

Бағалау талаптары және жеңімпаздарды марапаттау:

І-орын (біреу) – 250 мың теңге.
ІІ- орын (біреу) – 150 мың теңге.
ІІІ-орын (екеу) – 100 мың теңге.
Ынталандыру жүлделері: (бес) 5д.х 30 мың – 150 мың теңге.
Жеңімпаз атанған үміткерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады.
Үміткерлер шығармаларын 2016 жылдың 20 қарашасына дейін тапсыруы тиіс.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ

Мүшәйраға қатысушылардан төмендегі құжаттар қабылданады:

– Өтініші
– Шығармашылық мінездеме.
– Жеке куәлігінің көшірмесі
– 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті
– Үй және ұялы телефондары
– Шығармалары (2 дана) және электронды нұсқасы.
Мүшәйраға қатысушылар құжаттарын төмендегі мекен-жайға жіберулері тиіс:
А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы. ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, №13 А.
Байланыс телефондары: 8(7252)-53-97-62; ұялы тел: 87788404460, 87758998484, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Өршіл рухыңыз, бойыңызда табиғат тарту еткен талантыңыз болса, бұл Сіздің мүмкіндігіңіз!

Опубликовано в Мәдениет

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы, 10 тармағына сәйкес, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы талаптарды сақтамау жер учаскесін өз бетінше иелену деп бағаланады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 2014 жылғы 3 қарашадағы Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, төменде көрсетілген заңсыз орнатылған және нысаналы мақсатына сай емес нысандар иелерінің өздері шығаруларын сұраймыз.
Аталған талаптар, 30.09.2016 жылға дейін орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандарды мәжбүрлеп шығару бойынша шаралар қолданады. Ал олардың иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ДҮҢГІРШЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ:

1) Төле би көшесі, Қырғы базар аумағы (3 нысанның құжаттары рәсімделмеген).

2) Республика даңғылы, №43 үйдің маңы «Тандыр самса» сататын ақ пластик (нысанның құжаттары рәсімделмеген).

3) Республика даңғылы, Электрон аялдамасы (нысанның құжаты рәсімделмеген).

4) Республика даңғылы мен Айбергенов көшесінің қиылысы «Сити» кафесінің алды (құжаты рәсімделмеген).

5) Республика даңғылы, №19 үйдің маңы (құжаты рәсімделмеген).

6) Республика даңғылы, №13 үйдің маңы «Пилигрим» кафесінің алды (мерзімі өткен).

7) Республика даңғылы «Огонек» аялдамасы (нысан құжаты рәсімделмеген).

8) Тәуке хан даңғылы, «Кен баба» аялдамасының жаны сағат жөндейтін дүңгіршек (құжаты рәсімделмеген).

9) Тәуке хан даңғылы, «Орталық» саябақтың жаны, гүлдер сататын екі ақ пластик дүңгіршегі (2 нысан құжатсыз).

10) Ш.Қалдаяқов көшесі, ЦОН-ға қарама-қарсы бетте, Созақ дәмханасының алды (нысан құжатсыз).

11) Жангельдин көшесі, «Лакомка» аялдамасының аумағы, көлік жуу бекетінің жаны темір контейнер (нысан құжатсыз).

12) Т.Рысқұлов көшесі, «Гипер хаус» С.О. аумағы екі дүңгіршек (2 нысан мақсатына сай емес).

13) Т.Рысқұлов көшесі, «Карл Маркс» аялдамасы, Қатаған дүкенінің жаны 2 дүңгіршек (2 нысан құжатсыз).

14) Түркістан мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы, «Аспава» кафесінің алды (нысан мақсатына сай емес).

15) С.Бәйтереков көшесі №56 үйдің алдындағы дүңгіршек. (нысаналы мақсатына сай емес).

16) Байтұрсынов көшесі №47 мектепке қарама-қарсы бетте орналасқан киіз үй (нысаналы мақсатына сай емес).

17) Республика даңғылы, №41 үй, №36 пәтер мекенжайдағы «Атаман» дүкені.

18) Қазыбек би көшесі, №4 ғимараттың жанындағы «Әсем» асханасы.

19) Қазыбек би көшесі, «Әсем» асханасының жанындағы балмұздақ сататын дүңгіршек.

20) Қазыбек би көшесі, «Азия связной» жанындағы ақ пластик дүңгіршегі.

21) Адырбеков көшесі, «Фиркан» шағын маркетіне қарама-қарсы бетте орналасқан күзет дүңгіршегі.

22) Қабанбай батыр көшесі, теміржол вокзалына қарама-қарсы бетте «Касса» дүңгіршегі.

23) Әйтеке би көшесі, «Ескі қала» шағынауданы «Сәулет» дүкенінің жанындағы контейнер.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 07 Сентябрь 2016 04:36

Қала тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласы бойынша мал сою орындарындағы 
малдарды сою бағасы

Мұсылман халқының ұлы мерекесі «Құрбан айт» биыл қыркүйек айының 12-13-14 күндері өткелі тұр. Осы күндері құрбандыққа мал сойылатыны белгілі.
Қалада санитариялық талаптарды сақтау мақсатында құрбандыққа сойылатын малдарды арнайы мал сою орындарында, міндетті түрде ветеринар мамандардың бақылауымен союларыңызды сұранамыз.
Қазіргі таңда қала бойынша Заң талаптарына сай 10 мал сою орнының тізімі төменгі кестеде:

 

Объектінің атауы

Басшысының аты-жөні,тел

Бекітілген

ветеринар мамандар

Орналасқан мекен-жайы

1 бас уақ малды сою бағасы

1 бас ІҚМ сою бағасы

1 бас жылқыны сою бағасы

1 бас түйені сою бағасы

1

«Замин» ЖШС

Д.Құдайбергенов

87024548060

87754376263

Бектаев Ерболат

87017349197

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы  Сайрам елді-мекені Сатыбалдиева №13

500 тг

1500  тг

1500  тг

1500  тг

2

«Ақ мал ЛТД» ЖШС

М.Мирахметов

87028980222

Бектаев Ерболат

87017349197

Шымкент қаласы,  Еңбекші ауд,Сайрам елді-мекені, Әл-Фараби көшесі н/з

500  тг

2000  тг

2000  тг

2000  тг

3

«Қазығұрт» БРБ

Б.Алдабергенов

87017152439

Абдихаев Беглан

87017483764

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр н/з

500  тг

2000  тг

2000  тг

2000 тг

4

«Марат KZ»

А.Мамедов

87017943992

87477395599

Әметбекова Дидарлым

87773609933

Шымкент  қаласы, 

Әл-Фараби ауданы   Рашидов көшесі №55

500  тг

2000  тг

2000  тг

2000  тг

5

«Агропромсервис» ЖШС

Н.Туленов

87017266721

Ахметов Ерсин

87026307090

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы

Қапал батыр тас жолы н/з үй

500  тг

2000  тг

2000  тг

2000  тг

6

«СММК Жаңаталап»ЖШС

С.Терехин

87753016518

87016364780

Арапов Бегалы

87015085454

Шымкент қаласы

 Абай ауданы  Жаңаталап тұрғын алабы. Строительная № 93

600  тг

2000  тг

2000  тг

2000  тг

7

«РАУ»ШҚ

И.Омаров

87026305221

Ахметов Ерсин

87026307090

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы,080-Қазығұрт кв, №2071

 

500  тг

2000  тг

2000  тг

2000  тг

8

ЖК «Фазилов»

Б.Фазилов

87756326646

Бектаев Ерболат

87017349191

Шымкент қаласы Қаратау ауданы  Сайрам тұрғын үй алабы А.Тимур көшесі №32А

500  тг

1500  тг

1500  тг

1500  тг

9

ЖК «Миркаликов»

М.Миркаликов

87789632727

87759447444

 Бектаев Ерболат

 

87017349197

Шымкент қаласы Қаратау ауданы                        Сайрам тұрғын үй алабы Жаңақұрылыс н/з

500  тг

1500  тг

1500  тг

1500  тг

10

«Қайып Ата» мал сою орны

С.Ертаев

87057777285

87057221460

Бисариев Сакен

87072170101

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ елді мекені (ауыл округі) №219 квартал 1487, 1488 құрылыс.

500  тг

1500  тг

200  тг

2000  тг

Опубликовано в Қоғам

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінің бойында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Бұрын бұл көшеде көліктер екі бағытта ғана қозғалатын. Енді құрылыс жұмыстары бітсе, төрт жолақты жол салынып, қызмет көрсетпек.

IMG 7192

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың мәлімдеуінше, Жібек жолы көшесін қайта құру жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
– 2012-2013 жылдары Жібек жолы көшесінің жобасы дайындалып, 2015 төрт жолақты құрылыс жұмыстары басталды. Жол құрылысына қазынадан 2 миллард 500 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Оның 130 миллионы былтыр игерілсе, биылғы жылға 1 миллиард, 850 миллион теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін оның 550 миллионы игерілді, – дейді Қ. Жұматаев.
Мердігер компания – «Корпорация Береке – А» ЖШС-і. Айта кетейік, Жібек жолы көшесі Пазиков көшесінен Таскен елдімекеніне дейін ұзындығы 8 шақырымды құрайды.

Опубликовано в Қала

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Қадірменді қауым!

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында 300-дей үйді қатты жауған бұршақтан кейін сел шайып кетті. Аталған елдің ақпарат құралдары қазақтар көп тұратын өлкеде адам шығыны болып, 700-дей жанның баспанасыз қалғанын жазуда. Оларды жергілікті билік мектеп жатақханалары мен киіз үйлерге орналастырған.
Облыстың белсенді жастары орын алған жағдайға бей-жай қарай алмай, облыс тұрғындарына үндеу жариялайды.
Шекараның арғы жағындағы қандастарымыздың қайғысы мен басына түскен қиындығы бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет.
Ежелден қарға тамырлы қазаққа жау да, дау да, той да, қайғы мен қаза да ортақ. Көмекке мұқтаж бауырларымызға қол ұшын созу – азаматтық парыз. Жат жерде жүрген қандастарымыз артында тәуелсіз әрі қуатты Қазақ елі барын, кез келген жағдайда көмектесуге әзір қазақ халқы барын сезінсін. Сондықтан қолымыздан келгенше қиын сәтте қандастарымызды желеп-жебеу мақсатында облысымыздың барша тұрғындары мен жастарын, беделді кәсіпкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарды, мемлекеттік және бюджеттік мекемелерді материалдық және моральдік көмек қолын созуға шақырамыз.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотына қайырымдылық қаржыларыңызды аударуға болады.

РЕКВИЗИТ:

«Бізбен бірге» қоғамдық қоры Шымкент қаласы, Қайтпас 2 шағынауданы №34-35
«Нур банк» АҚ Шымкент қ. филиалы
БИН 150540004179
ИИК KZ4284906KZ000966548
БИК NURSKZKX
КОД 18
Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының
төрағасы Андабаев Абай, тел: 8 778 558 31 74, 8 705 483 54 93.
14.07.2016 ж.

Опубликовано в Қоғам
Вторник, 05 Июль 2016 06:32

Шомылғанда абай болыңыз!

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы ескертедi!

Жедел деректер бойынша, ОҚО аумағында жыл басынан бері 39 адам суға батып қайтыс болған, оның ішінде 27 балалар, 5 оқиға Шымкент қаласында болып отыр.
Бұл орайда Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді: Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және суға жалғыз жібермеңіздер.
Суға шомылу кезіндегі ережелер.
Қатаң тыйым салынады:
– Тыйым салынған орындарда шомылуға;
– Суда балаларды қараусыз қалдыруға;
– Қоршау белгілерінен асуға;
– Көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге;
– Таныс емес орындарда шомылуға;
– Мас күйде шомылуға.
Сіңір тартылғанда:
– Қол саусақтарының сіңірі тартылғанда – тез арада жұдырығыңызды қатты қысып, ырғақпен қолыңызды сілтеңіз және жұдырығыңызды жіберіңіз;
– Балтыр бұлшықеті тартылғанда – еңкейіп, қолыңызбен тартылған аяғыңызды табанынан ұстап, өзіңізге қарай күшпен тартыңыз;
– Бөксе бұлшықеті тартылғанда – аяғыңыздың жіліншігін тыс жағынан ұстап, тізеге қарай бүгіп, арқаға қарай тартыңыз.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
– Ең алдымен қараусыз және техниқалық ақауы бар қайықты пайдаланбаңыз;
– Құтқару және су төгетін құралдарынсыз шықпаңыз;
– Қайыққа техникалық құжатында көрсетілген лимиттен артық жолаушылар мен жүк артуға болмайды;
– Мас күйде қайықпен жүзбеңіз;
– Қайықтың бүйірінде немесе тұмсығында отырмаңыз;
– Жүзіп бара жатып, бір қайықтан екіншісіне ауысып отырмаңыз;
– Қараңғы түскенде қайықпен жүзбеңіз;
– 16 жасқа толмаған балаларды өздігінен қайықпен жүзуіне рұқсат етпеңіз.
Суға түсуге болмайды, егер:
– Қатты шаршасаңыз;
– Басыңыздан күн өтсе;
– Аш болсаңыз;
– Шөлдесеңіз;
– Аурудан жаңа айыққан болсаңыз.
Қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма және судан құтқару қызметi қала тұрғындарын суға түсу ережесiн сақтауға шақырады.

Е. САРЫБАЕВ,
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар
басқармасы бастығының міндетін уақытша
атқарушы, подполковник

Опубликовано в Әлеумет