Маусым айының 2-8 жұлдызы аралығын қамтыған ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Шымкент қаласының мектеп бітіруші түлектері жоғары нәтиже көрсетті. Орташа көрсеткіші 82,61 балды құраған шымкенттіктер облыс аумағында тек Кентау қаласына жол берді.
Кентаулықтардың орташа көрсеткіші 93,84 балды құрайды. Ең жоғарғы 125 балдық көрсеткішке шымкенттік 4 түлек қол жеткізді. Жоғары балдық межені бағындыру көрсеткіші бойынша шымкенттіктерден өзге тек Ордабасы ауданы ғана мақтана алады. Онда 2 түлек жоғары биіктен танылды.
Еске сала кетейік, биыл қала мектептерін 7105 түлек тәмамдаған болса, оның 4780-і ҰБТ-ға қатысқан болатын.