Мемлекет басшысы «2022 жылды – Балалар жылы» деп жариялады.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Осыған орай, «Қазақстандық прокурорлардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының бастамасымен Бас әскери прокуратурада «Менің Отаным – менің Қазақстаным» және «Менің қалам» тақырыптарында үздік балалар суреті мен шығармашылығы байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға Бас әскери прокуратураның, аймақтар мен гарнизондардағы әскери прокуратуралары қызметкерлерінің балалары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қызметкерлерінің балалары «Менің Отаным – менің Қазақстаным» тақырыбында үздік балалар суреті конкурсында жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар «Қазақстандық прокурорлардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының бағалы сыйлықтары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Бақытжан НҰРМАХАНБЕТОВ,
Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры, әділет майоры