Турнирде спортшылар жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша сайысты. Жарыстың екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу және одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша бәсекелерден өтті.
Турнирдің салтанатты жабылу рәсімінде ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпы командалық есепте 1-орынды Астана қаласы, 2-орынды Қызылорда облысы, 3-орынды Ақтөбе облысының құрама командалары иеленді.
Ал, әйелдер арасында Түркістан облысы 1-орын, Астана қаласы 2-орын, Алматы қаласының құрама командасы 3-орынға ие болды.
Шымкент қаласының әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдан 3-орын алды.
Жеке және командалық сайыстың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаларға кубоктар табыс етілді.