Өтініш беру үшін бірнеше қарапайым қадам жасау керек:
- электронды үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет;
- «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөліміндегі «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» қызметін таңдау қажет;
- «Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз» түймесін басып, өзіңіз жайлы деректерді толтырыңыз (кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу);
- Барлық деректерді толтырғаннан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.
Өтінім 6 күн ішінде қаралып, жауабы қызмет алушының электронды порталдағы жеке кабинетіне түседі.
Айта кетейік, әскерге шақырушылар SMS-хабарлама арқылы әскери қызметтен босатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы өз мәртебесін біле алады. Осының арқасында барлық анықтамалар мен құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Хабарламаны алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.
Әскерге шақырудан кейінге қалдыру отбасылық, оқуды жалғастырған жағдайда және денсаулығына байланысты себептермен негізделе отырып беріледі.