Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов іс-шараға қатысып, бұқаралық спортты дамытуда бұл сайыстың маңызы зор екенін атап өтті. Жастарға серпін беретін жобаның алдағы уақытта дәстүрлі сайысқа айналуына тілектестігін білдірді.
Жеңімпаз және жүлдегерлер арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, жеңімпаз «Акбар базары» командасына 10 дана планшет, екінші орын алған «Көне қала сауда орталығы» командасына 10 дана смартфон, үшінші орын иегері «Барыс базары» командасына 10 дана велосипед табыс етілді. Сонымен қатар, бірқатар ойыншылар «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Турнирдің екінші кезеңінде қыздар арасында волейболдан сайыс өтеді.
Ә.АЙТӨРЕ