–Компанияның қолдауымен 180 балаға керемет жазғы көңіл-күй сыйлау жоспарланған болатын. Бүгін үшінші маусымның жабылу салтанаты өтіп жатыр. Жазғы демалыс алты маусымнан тұрады. Әр маусымда 30 балаға бақыт сыйлап келеміз. Жазғы лагерьде балалар табиғаттан қүш-қуат алып, шығармашылығын дамытып, жаңа достар тауып жатыр. Алда тағы үш маусым бар, - деді компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Еркін Жұмаділ.
Үшінші маусым салтанатты түрді жабылды. Балалар өз сезімдері мен ыстық лебіздерін риясыз білдіріп жатты.
–Мұнда біз демалып қана қоймай, өзіміздің ашылмаған қырларымызды байқап, ары қарай дамыттық. Бойымызға біраз білім жинап, спорттық ойындар ойнап, серігіп қалдық. Жазғы демалысымыз жақсы өтіп, керемет әсер қалдырды. Осындай көңіл-күй сыйлаған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясына алғысымыз шексіз. Жаңа достарымызбен қимай қоштасып жатырмыз,- дейді демалысын көңілді өткізген балалар.
–Лагерьде әр маусымда 350-ге жуық бала қабылданады. Мұнда барлығы тәртіппен жүреді. Қауіпсіздік үшін 32 қызметкер жұмыс істейді. Әр баланың таланты мен қабілеті біздерді таңқалдырды. Шымкент қаласында осындай дарынды балалардың бары бізді қуантады, - деді лагерь директоры Айгүл Тасполатқызы.
Лагерь басшысы спорттық ойындар мен іс-шараларға белсене қатысқан балаларды марапаттап, сыйлықтармен қуантты. Мерекенің соңында балалар қағаз шамның ішіне өз тілектерін жазып, аспанға ұшырды.
Демалыс орталығында бірер күннен кейін компанияның демеушілігімен тағы 30 бала демалуға келетін болады.
Айдана МҰХТАРОВА