ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ 94,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ Избранное

Среда, 27 Апрель 2022 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 773 раз

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков пен «ҚазТрансГаз» АҚ газды өткізу және тасымалдау бөлімінің басшысы Жеңіс Қуанышбеков елді мекендерді газдандыру бойынша баяндады.

90

 

– Бүгінгі таңда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізу көзделуде. Ал биыл 94,7 пайызға жеткізіледі. Оған жаңадан іске қосылған №3 газ тарату стансасы толық мүмкіндік береді, – деді Боранбай Нығметұлы.
«ҚазТрансГаз» компаниясының өкілі Ж.Қуанышбеков бүгінге дейін 5 мыңға жуық тұрғын техникалық шарт алып үлгергенін, газға қосу жұмыстары күзге дейін жалғасатынын жеткізді.
– Техникалық шарт тегін беріледі. Тұрғындар лицензиясы бар кез келген мекемемен келісімшартқа тұрып, монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқылы. Ең басты талап – жер учаскесінің мемлекеттік актісі мен үйдің техникалық паспорты қажет. Өкінішке қарай, көптеген үйдің тиісті құжаттары жоқ. Сондықтан, тұрғындар арасында түсінбеушілік туындауда. Құжат дұрыс болмай, газды қоса алмаймыз. Өйткені қауіпсіздік – бірінші кезекте, – деді Жеңіс Бауыржанұлы.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран елді мекендерінде газ желісінің құрылысы жүруде. Келесі кезекте Сәуле, Ақтас (магистралка), Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай елді мекендері тұр.