Версия для печати

ЭПИДЕМИЯҒА ҮШ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ Избранное

Пятница, 28 Январь 2022 03:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 486 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 745 науқас анықталды. Емделіп шыққандарының саны – 627. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

127

 

– Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 168 жағдайы тіркелді. Оның ішінде симптомды – 96, симптомсыз – 72 және пневмонияға шалдыққан 4 адам бар. Бүгінгі таңда 5 093 науқас емделуде, оның ішінде 348 адам – стационарда, 4 745 адам үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Ал вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 8812 адам анықталды, – деді спикер.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, пандемияның ықтимал толқынына қатысты үш сценариймен дайындық жүруде. А (ағымдағы жағдай) – 863 төсек-орын; В – эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын саны 2 683-ке дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 3 513 төсек-орын ашылады. Қазіргі таңда Шымкентте 886 төсек-орын әзір. Толымдылығы 39 пайызды құрайды. Жалпы, үшінші мегаполис үш сценарийге де дайын, деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Қазіргі таңда қалада 45 екпе егу бекеті жұмыс істеп тұр. Бүгінде тиісті контингент саналатын 596 205 адамның 594 987-сі вакцинаның бірінші компонентін алып, бұл көрсеткіш 99,8 пайызды құрап отыр. Ал екінші 2 компонентті 581 587 адам алған (97,5 пайыз). Ал 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге «Pfizer-BioNTech» вакцинасы салынуда. Бүгінгі таңда бірінші компонент – 35 181 адамға, екінші компонент 14 644 адамға салынды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.