Қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысы мұң-мұқтажын арқалай келген. Мәселен, Айгерім Орынбасарова отбасына баспана сұрайды. Қала тұрғынының айтуынша, жұбайының мүгедектігі бар. Бес балалы келіншек екі перзентім мүмкіндігі шектеулі ретінде есепте тұрады дейді. Ипотекамен үй алуға қаржысы жетіспейді. Оның үстіне екі баласының дәрі-дәрмегіне ай сайын қыруар қаржы кетеді, ал баспана кезегім баяу жылжиды деген мұқтажын жеткізді.
Көп балалы әйелдің өтінішін тыңдаған Нұрғазы Бақтыбайұлы барлық мәселе заң аясында шешілетінін, мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Ал тұрғынның өтінішін жазып алып, депутаттар назарына жеткізетінен айтты.
Бұл күні қабылдауға келген азаматтардың көбісін үй мәселесі мазалайды. Дегенмен, араларында мүмкіндігі шектеулі жандар мен шалғай шағынаудандағы көршілерінің тілегін арқалай келген тұрғындар да бар. Қоғамдық кеңес мүшелері олардың барлығын мұқият тыңдап, тиісті кеңестерін берді. Айта кетейік, қоғамдық қабылдау 17-21 қаңтар аралығында жалғасады.