— Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің ғимаратында санақтан онлайн өту үшін өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын мемлекеттік маңызы жоғары, жалпыұлттық халық санағына қатысуға шақырамыз, – деді Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Меруерт Жаңабаева.
Сала мамандарының айтуынша, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында халық санағынан онлайн режимде өтуге, сайтқа тәулік бойы тіркелуге болады. Сондай-ақ, онлайн режимде санақ жүргізу кезеңінде Call-орталықтың тегін 1446 бірыңғай нөміріне хабарласып, санақ мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.
Ал онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтар 2021 жылдың 1-30 қазаны аралығында, қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, интервьюерлер барған кезде тіркеле алады. Бұл жұмысқа Шымкент қаласы бойынша 1500-ге жуық санақ персоналы жұмылдырылады.
Замира Алдабергенова