Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Жауапты мамандар ХҚО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұранады.