Нарықта – жаңа наубайхана Избранное

Среда, 07 Апрель 2021 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 989 раз

Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталында «Темиршиков» ЖК-нің нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайханасы іске қосылды. Жоба құны – 300 млн теңге. Жеке кәсіпкерлер 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

581

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысанның ашылуына қатысып, наубайхананың әлеуетімен танысты.
Жалпы аумағы 7200 шаршы метрлік кәсіпкерлік нысан жаңа үлгідегі нан пісіруге арналған заманауи технологиялармен жабдықталған. Айта кетерлігі, қаладағы ең арзан нан осында өндіріледі. Өйткені, заманауи құрылғылар газбен жұмыс істейді.
Шаһар басшысы қазіргі нарықтық экономикада бағаны тұрақтандыратын осындай бастамалар екенін алға тартып, сала басшыларына мұндай жобаларды қолдау керектігі жөнінде тапсырма берді. Тіпті басқа өңірлерге де үлгі ретінде көрсету қажет.
Сондай-ақ, жаңа кәсіпорындағы нан пісіретін пештер Шымкент қаласының өз өнімі. Қала әкімі күнделікті тұтынатын қарапайым заттардың толық өзімізде өндірілетінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Наубайхана тәулігіне 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) өнімдерін шығаруда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.