Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады.
– Бұл марапат бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен азаматтарымыздың орасан еңбектері мен ерліктерін бағалау болып саналады. Қиын кезеңде ерлік жасап отырған сіздердің және сіздермен бірге тығыз жұмыс атқарып, аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін, - деп Мұрат Әйтенов алғы шепте жүрген барлық белсенді азаматтарға алғысын білдірді.