Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету екенін атап өтті.
– Мектепке баратын әрбір бала қажетті киім-кешекпен, оқулықпен қамтылуы тиіс. Ақ жол тілеп отырған балаларымыз болашақта үлкен азамат болып өсетініне кәміл сенеміз. Сондықтан мұқтаждыққа жол бермей, осындай қайырымды іспен үлгі болайық – деді Б.Нарымбетов.
Акция барысында 60-қа жуық балаға киім-кешек пен мектеп сөмкесі таратылды. Сонымен қатар, халық қалаулылары Е.Сатқанбаев, Г.Құрманбекова, Н.Бұхарбаев балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, қаржылай қолдау көрсетті.