«БОЗАРЫҚҚА» жаңа автобус бағыты ашылды Избранное

Пятница, 09 Август 2019 06:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2625 раз

«Бозарық» шағынауданындағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі, аталған шағынауданға №171 бағытта су жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдай бастады. Жалпы бұл бағытта 12 автобус қызмет көрсетуде.

303

Жаңа бағыттағы автобус «Бозарық» шағынауданынан Темір жол вокзалына дейін жүреді. Атап айтсақ, Бозарық – Еламан – Тұран – Қайнар – Ипподром – Зообақ – Тұлпар – Дендросаябақ – Нұрсәт шағынауданы – Айқап 1,2 – Дулати – Тоқыма фабрикасы – Кең баба – Орталық базар – АР3 – Темір жол вокзалы бағыттары бойынша қызмет көрсетеді. Автобустардың қозғалыс аралығы - 10 минут.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.