Сондай-ақ, айттың бірінші күні 30 жерде «Балаларға – базарлық» мерекелік іс-шарасы өтті. «Наурыз» және «Арбат» алаңдары мен жаңадан ашылған «Сейтжан қари» мешітінде «QURBAN AIT FEST» мерекелік һәм рухани іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Наурыз» алаңында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып, балаларға ойыншықтар мен балмұздақтар таратылды. Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады.
Келушілер арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Ұлттық дәстүрге сай келетін ойын түрлерінде бақ сынап, белсенді қатысқан қала тұрғындары да ескерусіз қалмады. Әр кезеңде жақсы өнер көрсеткен қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы диплом және сыйлықтар табысталды. Осылайша, Шымкент қаласының тұрғындары ұлы мейрам – Құрбан айтты ұлықтады.
Мерекеге зиялы қауым өкілдері мен сахна жұлдыздары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шара барысында «Харакет» қайырылымдылық қорының атынан мұқтаж отбасыға пәтер кілті табысталды. Мұнымен қатар, келушілерге 2 тонна наурыз көже, сусындар, тәттілер, 20 мың дана бауырсақ пен 5 мың дана балмұздақ, 3 мың шар тегін таратылды.
Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ