ОТАН – ЕЛДІҢ АНАСЫ, ЕЛ – ЕРДІҢ АНАСЫ Избранное

Среда, 17 Апрель 2024 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 308 раз

Билік бұқараға жақындады. Халықтың арыз-арманы, өтініш-тілегі атқарушы, жергілікті билік тарапынан назарға алынып, күрмеуі қиын мәселелердің түйіні шешімін тауып жатыр. Бұл, ең алдымен, «Еститін мемлекет», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамалары қол жеткізген жетістіктер деп білеміз.

Otaan

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің парақшасынан халыққа есеп берудің жаңаша іс-әрекетін байқап, қала тұрғыны ретінде разы болып қалдық. Барлық әкімдер есеп береді. Халық алдында. Сценарий белгілі еді. Үлкен ғимарат белгіленеді. Шақырылатын адамдар белгіленеді. Дау, арыз-шағымы көп адамдардың есебі алынып, орайы келсе ғимаратқа кіргізбеуге тырысады. Полицейлер есік күзетіп тұрады. Сұрақтардың дені алдын-ала дайындалып, алдын-ала белгілі азаматтарға таратылып қойылады. Құда да тыныш, құдағи да тыныш.
Осы ескі стереотипті Ғабит Сыздықбеков бұзды. Есепті жайлы ғимаратта емес, елдің қақ ортасына барып беруді ойластырыпты. Үзінді келтірейік.
«Бүгін Абай және Тұран ауданына барып, тұрғындармен көшпелі кездесу өткіздім.
Ең алдымен Асар-2 шағынауданының халқымен жолығып, мұң-мұқтажын тыңдадым. Жергілікті тұрғындармен бірге ең өзекті әрі шұғыл шешілуі тиіс мәселелерді талқыладық.
Олардың қатарында жолды кеңейту, асфальттау және жарықтандыру, ирригациялық жүйе мен жол белгілерін орнату мәселелері бар.
Ал, аудандық қоғам белсенділері балаларға арналған ойын алаңы мен медициналық мекеме және полиция пунктін салу туралы ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар, «Қызылжар» тұрғын алабының халқымен кездесіп, арыз-шағымын тыңдадым. Әрі Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмысымен таныстым.
Бүгінде су басуының алдын алу мақсатында ұзындығы 9 шақырымнан асатын аумақта жағалауды нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Әрі қарай кездесу Тұран ауданындағы 112-орам, Ақжар және Ақтас шағынаудандарында жалғасты.
Халық тарапынан қоғамдық көліктердің жүру кестесі, мектеп құрылысы, жұмысқа орналасу, көшелерді жарықтандыру және суару жүйелерін тазалау сынды өзекті проблемалар көтерілді.
Азаматтарды тыңдап, оларға барлық арыз-шағым заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндірдім.
Сондай-ақ орынбасарларыма, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына кездесу барысында көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, тез арада шешу үшін тиімді ұсыныс әзірлеуді тапсырдым» дейді Ғабит Сыздықбеков.
«Жаңа Қазақстан», «Еститін Үкімет» деген терминдер сөздік қорымызға енгенде сенбегендер қатары көп болып еді. «Көн қатса қалпына барады» деген сөз бар. Олай емес екен. Шенді-шенеуніктердің қабақтарындағы мұз еріп, күндей күлімдеп халық ортасына кірді. Халықты тыңдай алады. Шешімді тез қабылдайды. Керек болса сенбілік күндері білегін сыбанып тастап, жұртпен бірлесе күрек ұстайды. Ашық-жарқын әңгімелеседі. Шетелде көп болдық. Ол жақтағы әкім-қаралар елден ерекшеленбейді. Неге бізде олай емес дейтін едік. Сол күндер бізге де жетіпті. Еститін үкіметтің құлағы түрік екен...