ОҚУШЫЛАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 341 раз

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.

Apto

 

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтар қатарын көбейту туралы шешім қабылдады.
1 мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі жоғарыда аталғандардан бөлек, келесі санаттағы азаматтарға да қолжетімді болады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;
5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
7) саяси қуғын-сүргiн құрбандары ретiндегі адамдар;
8) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
9) мүгедектігі бар балаларға;
10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;
11) оқушылар.
Айта кетейік, қоғамдық көлік қызметінің сапасы қала басшысының жіті бақылауында. Бұл қызметті жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.