ДӘРІГЕРЛЕР МИҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 322 раз

Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігерлері 25 жастағы жігіттің ми ісігін жою үшін күрделі ота жасады. Жоғары технологиялық медциналық көмек МӘМС жүйесі бойынша жасалған.

baas

 

Науқаста 1 жыл бұрын кенеттен құрысу (cудороги) пайда болған. Эпилепсия диагнозы қойылып, жігіттің жағдайы нашарлай түседі. МРТ қорытындысы эпилепсия ошағы мидағы ісік (кавернозная ангиома) екенін анықтаған. Белең ала бастаған дертті жою үшін дәрігерлер шұғыл түрде күрделі ота жасау шешімін қабылдайды.
Отаны білікті нейрохирург Еркін Медетов жасаған. 3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және талма аурулары жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, дәрі-дәрмек қабылдау біртіндеп тоқтатылып, науқас толығымен сауығып кетеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі Шымкентте ми-қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде күрделі ота жасауға қолжетімділік артқан. Биыл 1500-ге жуық адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жоспарланған.
Біле жүріңіз, МӘМС қарапайым халықтың мүддесін қорғауды көздейді. Сіз сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға құқылысыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.