341 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 235 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында гранттардың, шағын несиелердің тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен Наурыз мерекесіне дайындық жайы талқыланды.

brifAkim

 

Мәжілісте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Азимбердиев пен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева гранттар мен шағын несиелердің тиімділігін бақылау нәтижелерін баяндады. 2019-2023 жылдар аралығында Ұлттық жоба шеңберінде 227 инновациялық жобаға 5 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз негізде грант берілген. Нәтижесінде қалада 341 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 273 адамға 1,4 млрд. теңге бөлініп отыр.
Жиын барысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Б.Орынтаев қала аумағында Наурыз мерекесін тойлау жоспарымен бөлісті. Іс-шаралар 1-23 наурыз аралығында 15 негізгі локацияда өтеді. 1 наурыз Алғыс айту күні шарасымен басталып, әдет-ғұрып, кәделерді насихаттайтын «Жоралғы күнімен» қорытындыланады.
Қала әкімі сала басшыларына кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шаралардың тиімділігін қадағалауға және Наурыз мерекесін тойлауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.