ЖАСТАРҒА НЕСИЕ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ Избранное

Среда, 06 Сентябрь 2023 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 858 раз

Жастарға жылдық 2,5 пайызбен жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Нақтырақ айтқанда, несие алуға ниетті азаматтарда кепілге қою мүмкіндігі көбейеді. Жыл басынан бері Шымкентте 150 жас кәсіпкер жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастаған.

255

 

Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша мынадай тетіктер енгізілді:
- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;
- республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;
- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;
- жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;
- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;
- мамандандырылған техника.
Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары мен тәсілдері тапсырма шартында белгіленеді.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі.
Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайлары https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates сайтында көрсетілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.