№191 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУС ЖАҢАРДЫ Избранное

Среда, 06 Сентябрь 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 633 раз

Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз тұрғын алабы тұрғындары үшін осы уақытқа дейін сапалы жол мен кәріз жүйесі өзекті болып келді. Мұнда орналасқан 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылмаған болатын. Биыл мәселенің шешімі табылып, кәріз құбырлары тартылды. Дәл қазіргі уақытта магистральды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары басталды.

254

 

Сондай- ақ кәріз құбырының құрылысы аяқталысымен Асубұлақ көшесіне осы аптада асфальт қабаты төселіп, аяқ жол салынды. Аталған елді мекен тұрғындарымен Еңбекші ауданы әкімі Досбол
Күздікбайұлы кездесіп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысын қадағалады.
– Жұлдыз тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Азия комплекс строй» ЖШС-і асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстарын жүргізуде. Мердігерге атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы атқаруды, сала мамандарына бұл жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырдым. 27 көпқабатты үйге орталықтандырылған кәріз құбыры тартылды. Сонымен қатар аталған елді мекенге қатынайтын 191 бағытындағы автобустың шағындығына тұрғындар тарапынан жиі шағым айтылатын. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып 1 қыркүйектен бастап тиісті мекемелер 191 бағытындағы шағын автобустарды үлкеніне ауыстырды,– деді Досбол Күздікбайұлы.
Айта кетейік, осы елді мекен маңында жаңадан салынып жатқан 2 Жаңақұрылыс тұрғын алабы бар. Бүгінгі таңда ол тұрғын алаптарына да инфрақұрылым жүйелері үшін қаржы қаралып, жұмыс жүргізілуде. Аудан әкімінің мәліметінше, аталған Жаңақұрылыста инфрақұрылым жүйелері толығымен 2025 жылы аяқталмақ.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.