SHEGEN ӨНІМІ – ШЕТ ЕЛ НАРЫҒЫНДА Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 521 раз

Шаһарда жергілікті отандық өнімдерге нарықта сұраныс артуда. Солардың бірі – «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айналған шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме. Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.

142

 

Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі – кез-келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатқан.
Айта кетейік, кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды. Оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8% кәсіпкер төлейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.