ҚҰРЫЛЫСТЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ОРЫНДАЛДЫ Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 335 раз

Қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Қазіргі сәтте құрылыс жұмыстарына 120-150 жұмысшы жұмылдырылған. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда.

138

 

Сонымен қатар богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85 пайызға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады. Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
М.Дүйсенбекұлы туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде хабарлап, шешімін бірлесе қарастыруды тапсырды. Жұмыстарды өндірістік кестеге сай атқарып, перронның құрылысын тез арада бастау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.