ПӘТЕРДІ ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

Пятница, 04 Август 2023 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 871 раз

жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі Сізді күтеді

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банк» акционерлік қоғамы Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен биылғы жылдың 17-18 тамыз күндері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі» өткізіледі.

797

 

Аталған шарада қала тұрғындары мен қонақтарына өз баспанасына қол жеткізудің тиімді жолдары таныстырылады. Атап айтқанда, еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп жатқан ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй сатып алуға ниетті азаматтарға бірқатар жеңілдіктер ұсынады. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік баспанаға қол жеткізудің бағыттары мен шарттары кеңінен түсіндірілмек.
Шымкент соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы бойынша алдыңғы орындардың біріне көтерілді. Шаһар республикалық маңызға ие қала мәртебесін алған 5 жылдың ішінде 3 миллирн 700 мың тұрғын үй салынған болса, оның 2 миллионы соңғы 2 жылда пайдалануға беріліпті. Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, биыл жыл басынан бері қарай мемлекеттік бағдарламалар арқылы 4 445 отбасы баспаналы болған. Жергілікті билік алдағы уақытта жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 2 миллион шаршы метрге жеткізуді көздеп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.