Өзен жағалауы жаңа кейіпке енеді Избранное

Среда, 02 Август 2023 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 708 раз

Шымкенттіктер үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орны. Онда қаланың тұрғындары мен қонақтары таңның атысынан кештің батуына дейін ағылады. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес. Өйткені, Қошқар ата өзені суының емдік қасиеті мол.

713

 

Қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. 1,8 шақырымды құрайтын нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС-і мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес, абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады.
Құрылыс барысын зерделеп қайтқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.