№66 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ Избранное

Пятница, 28 Июль 2023 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 667 раз

Шымкент қаласы Қазығұрт шағынауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебіне бүгінде күрделі жөндеу жұмысы атқарылып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысып, жұмыстың сапасын бақылады.

671

 

Күрделі жөндеу мұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Іргетасы қаланғанына 30 жылдан асқан білім мекемесі осыдан отыз жыл бұрын 1260 оқушыға лайықталған. Қазір мұнда ек мыңнан астам оқушы білім алады.
Үш қабаттан тұратын оқу ғимаратының жөндеуі қазір 20 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілмек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.