А-2 АЙНАЛМА ЖОЛ: ІІ кезеңінің құрылысы аяқталды Избранное

Среда, 19 Июль 2023 05:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 635 раз

Биыл қаладағы А-2 айналма жолының 2-ші және төртінші кезеңдері пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл нысанның екінші кезеңі Ынтымақ шағын ауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты алып жатыр.

637

 

Жалпы ұзындығы 2,48 шақырымды құрайды. Жолдың ені 80 метр. Екі бағыттағы 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол салып, жарық шамдар қою көзделген. Ал, төртінші кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін ұласады. Бұл учаскенің жалпы ұзындығы 1,86 шақырым құрайды. Ені 35,5 метрлі 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген.
Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылды.
Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.